Оралда Marvel стиліндегі автошеру айыппұлмен аяқталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 маусым, 2025
- 170

Оралда Marvel кейіпкерлері костюміндегі автокортеж жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2025 жылғы 15 маусым күні кешкі уақытта Орал қаласының патрульдік полициясы Marvel кейіпкерлерінің киімін киген автокортеж қатысушыларын тоқтатты. Бірнеше көліктен тұратын бұл ерекше колонна жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Тексеру нәтижесінде келесі әкімшілік құқықбұзушылықтар тіркелді:
ҚР ӘҚБтК 593-бабы 2-бөлігі бойынша (қауіпсіздік белдігін тақпау) – 11 хаттама;
590-баптың 5-бөлігі бойынша (мемлекеттік нөмірге қойылатын талаптарды бұзу) – 3 хаттама;
593-баптың 3-бөлігі бойынша (белдік тақпаған жолаушыны тасымалдау) – 1 хаттама;
595-баптың 1-бөлігі бойынша (жол қиылыстарынан өту тәртібін бұзу) – 1 хаттама;
590-баптың 2-бөлігі бойынша (техникалық ақауы бар көлік жүргізу) – 1 хаттама.
Marvel кейіпкерлерінің ерекше бейнесі оларға заң алдындағы жауапкершіліктен босату негізі бола алмайтыны атап өтілді.