дүйсенбі, 17 наурыз, 2025 0:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: Ауа райы күрт нашарлайды

Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: Ауа райы күрт нашарлайды
Фото: gov.kz
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Синоптиктердің болжамына сәйкес, бірқатар аймақтарда тұман, боран және қатты жел болады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 26-27 ақпан күндері ел аумағында ауа райының күрт өзгеретіні туралы ескерту жасады.

"Қазгидромет РМК мәліметтерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 26-27 ақпанда күтілетін ауа райының күрт өзгеруі және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер жариялайды", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Синоптиктердің болжамынша Батыс өңірде қарлы боран соғады. Шығыста тұман басады. Оңтүстікте жауын-шашын мол түсіп, ауа райы қолайсыз болады. Солтүстік пен орталық аймақтарда жауын-шашын қарға айналып, көктайғақ күтілуде.

Сонымен қатар, 26 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Ұлытау, Қызылорда және Жетісу облыстарында республикалық маңызы бар бес жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар