Жаңалықтар
Талдықорғанда өзеннен өтпек болған көліктер мұз астына түсіп кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 ақпан, 2025
- 170
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді
Оқыс оқиға Жетісу облысы Талдықорған қаласынан 5 км қашықтықта Балықты өзенінде болды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жетісу облысында Талдықорған қаласынан 5 км қашықтықта демалыс орны маңында өзен арқылы өту кезінде екі жеңіл автокөлік жартылай мұз астына түсіп кетті.
ТЖМ жедел-құтқару жасағының күшімен көліктер Балықты өзенінің сағасынан жағаға шығарылды. Барлығы 5 адам құтқарылды, медициналық көмек қажет болмады, — делінген хабарламада.
ТЖМ мұз үстімен жүрудің қауіпті екенін ескертеді және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.