Қазақстанда сапалы жұмыс орындарын арттыру көзделіп отыр
- авторАрайлы Жақсылық
- 25 шілде, 2025
- 529
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов мәлімдеді.
Жаңа тұжырымдамаға сәйкес, сапалы жұмыс орны деп өңірлік медианалық еңбекақыдан жоғары жалақысы бар, негізгі әлеуметтік пакеті мен қауіпсіз еңбек жағдайы қамтамасыз етілген және кемінде 6 айға созылатын тұрақты жұмыс орындары саналады.
Асқар Биахметовтің айтуынша, 2025 жылға қарай елдегі сапалы жұмыс орындарының санын 2 млн 847 мыңға дейін жеткізу жоспарланған. Ал 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында мұндай жұмыс орындарының саны өткен жылмен салыстырғанда 150 мыңға артып, 2 млн 602 мың бірлікті құрады.
«2024–2029 жылдар аралығында жалпы 3,3 миллион адамды, оның ішінде 2,3 миллион жасты жұмыспен қамту көзделіп отыр», – деді вице-министр.
Биыл өңірлермен бірлесіп 480 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту жоспарланған.






