жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда бетті тұмшалауға тыйым салынды: Бұл тыйымнан кімдер босатылады?

Қазақстанда бетті тұмшалауға тыйым салынды: Бұл тыйымнан кімдер босатылады?
AFP 2023/Adek Berry
12 шілдеден бастап Қазақстанда қоғамдық орындарда бетті толық жабуға тыйым күшіне енді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді.

Тыйым адамның жүзін толық жауып тұратын киімдерге, атап айтқанда балаклава, бетперде, никаб сияқты жабындарға қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ІІМ-ге сілтеме жасап. Себебі мұндай киімдер жеке тұлғаны анықтауға кедергі келтіреді. Ал хиджаб, шейла, химар, аль-амира және бетті жасырмайтын өзге де діни киімдерге бұл шектеу қолданылмайды.

ІІМ мәліметінше, бұл шектеу келесі жағдайларда да қолданылмайды:

  • ауа райының қолайсыздығына байланысты (аяз, шаңды дауыл және т.б.),
  • медициналық себептермен (мысалы, маска тағу қажет болған жағдайда),
  • қызметтік міндеттерді орындау кезінде (мысалы, арнайы киім киетін мамандар),

Сондай-ақ спорттық немесе мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысушылар үшін де аталған ерекшеліктер қарастырылған.

Полицейлердің айтуынша, бұл заңнамалық өзгерістердің негізгі мақсаты - азаматтардың құқықтары мен дін бостандығына қол сұқпай, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тәртіпті сақтау және тұлғаларды сәйкестендіру мүмкіндігін арттыру.

Бұған дейін Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы да бұл бастаманы қолдаған еді. Басқарма өкілдері бетті жабу исламдағы міндетті шарт еместігін және оның қазақ халқының мәдени дәстүріне жатпайтынын атап өтті.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар