Жаңалықтар
«Шерзат ісі» бойынша сотталған Думан Ысқақ бостандыққа шықты
- авторАрайлы Жақсылық
- 25 шілде, 2025
- 549
Адвокат Мейірман Шекеевтің хабарлауынша, «Шерзат ісі» бойынша сотталған кәмелетке толмаған Думан Ысқақ қамаудан босатылды.
«Думан Ысқақ бірінші сатыдағы соттың үкімімен тағайындалған жазаны толық өтеп шықты. Осыған байланысты Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі қаулысымен оған қатысты бұлтартпау шарасы жойылды», – деп жазды қорғаушы өзінің Instagram парақшасында.
Еске сала кетейік, Думан Ысқақ ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабына сәйкес «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған болатын.
Аталған іс бойынша апелляциялық сот отырысы 2025 жылғы 18 тамызда сағат 11:00-де Алматы облысы сотының ғимаратында өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






