Қазақстанда су тасқынына дайындық аясында 74 су нысаны жөнделді
- авторjambylinfo.kz
- 13 наурыз, 2025
- 161

Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылы көктемгі су тасқынына дайындық мақсатында 74 гидротехникалық құрылысты жөндеуден өткізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сонымен қатар, өзен арналарының өткізу қабілетін арттыру үшін 239 шақырым аумақ тазартылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, елдің 16 өңірінде жалпы ұзындығы 584 шақырым болатын 384 қорғаныс бөгеті салынды және жөнделді. Сондай-ақ, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарындағы 84 елді мекенде қорғаныс нысандарын салу, қайта құру және қалпына келтіру бойынша 57 жоба жүзеге асырылуда. Бұл шаралар 359 мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұдан бөлек, өткен жылы министрлік 14 облыстағы 84 су шаруашылығы нысанына кешенді тексеру жүргізді. Алдағы уақытта тағы 105 гидротехникалық құрылысты бақылау жоспарланып отыр.
"Барлық су қоймалары бекітілген кесте бойынша жұмыс істеп тұр, су деңгейіне тұрақты мониторинг жасалады, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Су тасқыны кезінде қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету үшін су қоймаларынан артық су ағызу жалғасуда", – деп мәлімдеді вице-министр Нұрлан Алдамжаров
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз