дүйсенбі, 17 наурыз, 2025 11:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда жүргізушілерге арналған жаңа айыппұлдар күшіне енді

Қазақстанда жүргізушілерге арналған жаңа айыппұлдар күшіне енді
Фото: Jambylinfo.kz
Кейбір жол ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар көбейсе, кейбір жағдайларда жаза жұмсартылды

13 наурыздан бастап Қазақстанда Әкімшілік кодекске енгізілген түзетулер күшіне енді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жаңа тармақтар да пайда болды. Мысалы, жолаушыларды көліктің салонынан тыс жерде тасымалдауға тыйым салынды. Терезеден басын шығару, қозғалыс кезінде есікті ашу немесе жүк көлігінің кузовында отыру 10 АЕК (шамамен 40 мың теңге) айыппұлға әкеп соғады. Бұл ереже жүргізушілерге де, жолаушыларға да қатысты.

Бұрын мүмкіндігі шектеулі жүргізушілерге қарсы жолаққа шығуға рұқсат етілсе, енді ол үшін 30 АЕК (шамамен 118 мың теңге) айыппұл қарастырылған. Теміржол өткелінде ереже бұзғандар үшін жаза екі есеге (10-нан 20 АЕК-ке дейін) күшейтілді. Жедел жәрдем мен полиция көліктеріне жол бермеу айыппұлы үш есеге артты: бұған дейін 7 АЕК болса, енді 20 АЕК, ал қайта бұзған жағдайда – 40 АЕК.

Қарсы жолаққа шығып, бірақ адам зардап шекпеген жағдайда жүргізуші енді 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылады (бұрын 6 ай болатын). Ал жол-көлік оқиғасына ұшырап, бірақ зардап шеккендер болмаған жағдайда жаза жұмсартылды: енді жүргізуші куәлігінен айырылудың орнына 20 АЕК-ке дейін (78 мың теңге) айыппұл салынады.

Сондай-ақ, ақылы тұраққа ақы төлемегені үшін айыппұл көлемі төмендетілді. Бұрын 3 АЕК (11 мың теңгеден астам) болса, енді 4 мың теңге төлеу жеткілікті.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар