Жаңалықтар
Қазақстандағы қанттың 58% шетелден жеткізіледі - вице-министр
- авторjambylinfo.kz
- 27 тамыз, 2022
- 169
Қазақстандағы қанттың 58% шетелден жеткізіледі - вице-министр
Тоқсаныншы жылдардан бастап елдегі қант қызылшасы алқабы 85 мың гектардан 11,6 мың гектарға дейін төмендеген. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек айтты.
«Импортқа тәуелділіктің жоғары болуына байланысты қант саласын дамыту мәселесі өзекті болып отыр. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шағын болуы, импорттық тұқым құнының қымбаттығы, фермерлердің жеткілікті техникалық жарақтанбауы және сумен қамтамасыз ету проблемаларына байланысты 90-жылдардан бастап қант қызылшасының егіс алқабы 85 мың гектардан 11,6 мың гектарға дейін төмендеген. Талдау көрсеткендей, басқа дақылдарды (мысалы картоп, жүгері) өсірудің тиімділігі қант қызылшасына қарағанда бірнеше есе жоғары», - дейді Ә. Тамабек Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Вице-министрдің айтуынша, республика бойынша жылына 532 мың тонна қант тұтынылады, оның ішінде отандық шикізат, яғни қант қызылшасы есебінен қамтамасыз ету деңгейі 7%-ды, отандық зауыттардың құрақ қантын өңдеу есебінен – 35%-ды құрайды, 58% қант импортқа тиесілі.
«Дегенмен, елімізде қант саласының табысты дамуы үшін негізгі алғышарттар бар, олар – суармалы жерлердің болуы, ішкі нарықтың үлкен сыйымдылығы, қажеттілікті қамтамасыз етуге қабілетті жұмыс істеп тұрған 4 зауыттың жүктеу қуатының толық пайдаланылмауы және жұмыс күшінің болуы. Алайда, технологиялық жабдықтардың тозуына, зауыттардың несиелерінің көптігіне және айналым қаражатының тапшылығына, көрші елдер қолданатын баға демпингіне байланысты отандық зауыттардың жүктеме қуаты төмен болып отыр», - дейді ҚР АШМ өкілі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз