сенбі, 23 қараша, 2024 15:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Республикалық бюджет кірісі 2023 жылы 3 трлн теңгеге ұлғаяды – Премьер-Министр

Республикалық бюджет кірісі 2023 жылы 3 трлн теңгеге ұлғаяды – Премьер-Министр
ашық дереккөзі
Республикалық бюджет кірісі 2023 жылы 3 трлн теңгеге ұлғаяды – Премьер-Министр
2023-2025 жылдары жалпы ішкі өнімнің өсімі 4-4,1 пайыз деңгейінде болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты. «Үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы, ең алдымен, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық және уақтылы орындауға, сондай-ақ ағымдағы жағдайда экономиканы сапалы және орнықты дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған. 2023-2025-ші жылдары жалпы ішкі өнімнің өсімі 4 - 4,1 пайыз деңгейінде болады деп болжанып отыр. Инфляцияның орташа жылдық деңгейі 2025-ші жылға қарай 3-4 пайызға дейін төмендейді деп жоспарланып отыр», - деді Ә. Смайылов. Оның айтуынша, Республикалық бюджет кірістері 2023 жылы 3 трлн теңгеге немесе биылға қарағанда 27 пайызға ұлғаяды. «Осылайша, республикалық бюджет кірістерінің жоғары деңгейде өсу қарқынын қамтамасыз етіп отырмыз», - деді Үкімет басшысы.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар