Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ БАҒАСЫНЫҢ ӨСУІНЕ ӘСЕР ЕТКЕН ФАКТОРЛАР ҚАНДАЙ?
- авторjambylinfo.kz
- 12 сәуір, 2023
- 282
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ БАҒАСЫНЫҢ ӨСУІНЕ ӘСЕР ЕТКЕН ФАКТОРЛАР ҚАНДАЙ?
Тұтыну деңгейі тым жоғары
Жанар-жағармайды тұтыну деңгейі жоғары қарқынмен өсіп келеді, көрсеткіш өндіріс деңгейінен әлдеқайда жоғары. Мысалы, өткен жылы елімізде бензин тұтыну 5,5%-ға, ал дизель отынын тұтыну 7%-ға өсті.
Сонымен қатар мемлекет қабылдаған шаралардың арқасында үш мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуаты 3 млн тоннаға артып, жылына 17 млн тоннаға жетті. Мәселен, 2017 жылдан бастап Қазақстанда бензин өндіру көлемі жылына 3 млн тоннадан 5 млн тоннаға дейін (өсім – 67%), ал дизель отыны 4 млн тоннадан рекордтық 5,2 млн тоннаға дейін (өсім – 33%) өскен.
Бірақ осыған қарамастан, елімізде үнемі жанармай тапшылығы орын алып отыр. Алайда тау-кен металлургия және теміржол сияқты экономиканың негізгі салаларының тұтыну көрсеткіші сол деңгейде қалған.
Осыған орай негізгі факторлар жүк көлігі, соның ішінде шетелдік көліктердің жанармайды тұтыну деңгейінің артуы, сондай-ақ оны көрші елдерге «көлеңкелі шығару» болып отыр. Мұның себебі – бағадағы үлкен айырмашылық – Қазақстан жанар-жағармай бағасы ең арзан елдер тізіміне кіреді.
Бағалар айырмашылығы және «көлеңкелі шығару»
Қазақстанда жанар-жағармайдың бөлшек саудадағы бағасын ұстап тұру көрші елдермен айырмашылықтың тым жоғары болуына әкелді:
– Ресейде дизель отынының құны – орташа есеппен литріне 345 теңге, бұл 45%-ға қымбат. Қырғызстанда баға 64%-ға (390 т/л), Өзбекстанда 101%-ға (480 т/л) жоғары.
Мұндай айырмашылық барлық транзит көліктерінің дизель отынын Қазақстанда құюына және «көлеңкелі экспортқа» жол ашады. Бұл орайда экспорттың нақты көлемін есептеу қиындық тудырады. Өткен жылы бұл көрсеткіш шамамен 350 мың тонна дизель отыны болды:
– IHS Markit бағалауы бойынша жылына шамамен 150 мың тонна дизель отыны тек транзит көлігіне құйылады,
– тағы 200 мың тонна шартты түрде тұтынылып, Қазақстаннан «көлеңкелі экспортқа» тиесілі.
«Көлеңкелі экспорт» қалай жұмыс істейді
Тапшылықты азайту үшін 2022 жылғы тамызда дифференциалды баға тетігі (шетелдіктер үшін – 450 теңге/литр) және жанармай құю лимиті (күніне 300 литр) енгізілді. Алайда жүк тасымалдаушылар мен ақша тапқысы келетіндер жанармай құю станциясында отынды «көлеңкелі» әдіспен сатып алуға мүмкіндік тапты.
Қазақстандық дизель отынын шетелге апарып қайта сату кезінде контрабандашылардың көретін маржасы – 50%-дан 120%-ға дейін және одан да көп.
Осы мақсат үшін жүк көліктеріне қосымша бактар орнатқан көптеген фактілер бар. Осылайша, бір жүк көлігі бірден бір тоннадан төрт тоннаға дейін жанармай құя алады.
Егер мұндай фураға жанармай Қазақстанда құйылып, Өзбекстанда сатылса, 1 тоннадан $700 пайда табуға болады; егер Қырғызстанға сатылса – $250. Контрабандашылар 1 тонна үшін $700 доллар пайда көрсе, 150-200 мың тонна заңсыз экспорт есебінен жылына $105-140 млн-ға дейін табыс табады.
Егер рұқсат етілген 300 литрді шығарып, көрші елде сатса, сонда да өте жоғары табыс (пайда – 50%-дан 120%-ға дейін) табады.
Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) шекті деңгейінде жұмыс істеп жатыр
Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеп жатыр. Бірақ қандай көлем өндірілсе де, қазіргі баға өзгермесе, онда мұнай өнімдері транзит көліктері арқылы бәрібір елден шығарылып, сондай-ақ бағасы жоғары көрші елдерге заңсыз әкетіледі:
- 2022 жылы қазақстандық МӨЗ жоспардан жоғары деңгейде жұмыс істеді. Шымкент зауыты жөндеуге жабылған жоқ – барлығы күзде «көлеңкелі шығарудан» туындаған дизель отыны тапшылығын жабу үшін жұмыс істеді.
- 2023 жылғы наурызда өткен жылмен салыстырғанда тұтыну қазірдің өзінде 15%-ға өсті. Бұған объективті факторлар жоқ: өнеркәсіп 3%-дан аспайтын өсім көрсетті, ауыл шаруашылығы 2021-2022 жылдарға қарағанда, дизель отынын көп тұтынбайды. Тиісінше, наурызда отынның шамадан тыс тұтынылуын тек «көлеңкелі шығарумен» байланыстыруға болады.
- Алдағы 6 жылда (Шымкент МӨЗ кеңейтілгенге дейін) қазақстандық МӨЗ-де дизель отыны өндірісін айтарлықтай ұлғайту мүмкін емес.
- Тұтыну деңгейінің артып келе жатқанын ескере отырып, бағаны бұрынғы деңгейде ұстап тұру биыл одан да үлкен тапшылыққа әкеледі, бұл ретте тапшылық 850 мың тонна болмақ.
- мұндай баға айырмашылығымен Қазақстанның өз тұтыну көлемін қамтамасыз ету үшін жанар-жағармай әрқашан жетіспейтін болады.
- IHS Market болжамы бойынша:
- Мұнай өңдеу зауыттарында өндірісті қолдау үшін шетелдік материалдар мен жабдықтарды сатып алу қажет. Өндірісті ұлғайту үшін инвестициялар қажет, ал қазіргі бағамен мұнай өңдеуге салынған инвестиция өзін ақтамайды;
- бағаны мемлекеттік реттеу бөлшек сауда нарығына қатысушыларға өз желілерін дамытуға қаражат салуға мүмкіндік бермейді және мұнай базаларының тозу қарқынын арттырады;
- Ішкі нарыққа жеткізілетін мұнай төмендетілген бағамен сатылады (кейбір жағдайларда – өзіндік құнынан төмен);
- Дизель отынының тапшылығын қымбат импорт есебінен жабуға тура келеді. Жанар-жағармай құю станциялары желісі үшін қазіргі баға алшақтығында отынды импорттау тиімсіз, сәйкесінше, елде тапшылық болады;
- қалыптасқан жағдай геологиялық барлауды инвестициялауға және ресурстық базаны толықтыруға мүмкіндік бермейді.
- ЖЖМ темір жол және автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынды;
- ресурс иелеріне жанар-жағармайды құю станцияларына тікелей сатуға міндеттейтін заңнамалық нормалар қабылданды;
- мұнай жеткізу және мұнай өнімдерін өткізу кезіндегі өнімсіз делдалдар жойылды.
- Дифференциалды баға тетігі (шетелдіктер үшін – литріне 450 теңге) және жанармай құю лимиті (күніне 300 литрден артық емес) енгізілді.
- Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары дизель отынын өндіруді қаншалықты арттырса да, ол ҚР ішінде өсіп келе жатқан тұтынуды қанағаттандыруға қашанда жеткіліксіз болады. Бұл ретте көрші елдерге кеткен «көлеңкелі ағын» ары қарай жалғаса береді.
- Ішкі ЖЖМ нарығындағы ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы баға айырмашылығын азайту қажет. Бұл елден мұнай өнімдерінің елден шығарылуын азайтуға, тапшылық мәселесін шешуге және жер қойнауын пайдалану секторының да, мұнай өңдеу секторының да инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
- ЖЖМ бағасының тепе-теңдігі сақталмаса «көлеңкелі» нарықтың жұмыс істеуіне жағдай тудырады және Қазақстанның ұлттық мүдделеріне нұқсан келтіреді.
- Егер қазір баға айырмашылығын төмендетпесе, онда жақын арада елде жанармай тапшылығы туындайды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз