сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 11:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда ғылым саласы қалай дамып жатыр?

Қазақстанда ғылым саласы қалай дамып жатыр?
ашық дереккөзі
Қазақстанда ғылым саласы қалай дамып жатыр?
1) Ағымдағы жылдың 28 наурызында Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді және қазіргі уақытта іске асырылуда.  Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде 2022 жылдан бастап: «Жас ғалым» жобасы бойынша жыл сайын 1000 грант бөлу; әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында жыл сайын 500 ғалымның тағылымдамадан өтуі; жетекші ғалымдардың еңбегіне ақы төлеуді базалық қаржыландыруға 85 ғылыми-зерттеу институтын енгізу; 16 ғылыми ұйымның жабдықтарын жаңғырту қамтамасыз етілді. 2) Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы ұлттық деңгейдегі қолданбалы мәселелерді шешу үшін ғылымды тартуға бағытталған. Қорытындысы бойынша ғалымдар санының бір жарым есеге артуы, елдің ғылыми экожүйесін жаңғырту, ғылымның нақты сектор проблемаларын шешуге қосқан үлесін арттыру, бюрократизация, цифрландыру, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» аясындағы жұмыс арқылы ғылымды әкімшілендіру сапасын жақсарту күтілуде. 3) 2021-2023 жылдары республикалық бюджеттен ғылымды қаржыландыру екі есеге жуық өсті (2020 ж.– 89,0 млрд.теңге, 2021 ж. – 109 млрд. теңге). 2023-2025 жылдарға ғылым бюджеті 3,5 есеге ұлғайтылды, барлығы 643 млрд. ғылымға инвестицияланады (2023 ж.- 158,6 млрд., 2024 - 244,2 млрд., 2025 - 240,2 млрд. тг.). Бизнес тарапынан қосымша 6,9 млрд. теңгеден астам жеке қаржыландыру тартылды. 4) Бөлінетін гранттар есебінен ғалымдардың орташа жалақысы 2 есеге өсті (2021 – 152 мың, 2022 – 252 мың). 2022 жылдан бастап ҒЗИ-нің 700 жетекші ғалымы базалық қаржыландыру шеңберінде жалақымен қамтамасыз етілді. Енді біздің іргелі зерттеулермен айналысатын жетекші ғалымдарымыз гранттық конкурстарға қарамастан тұрақты қаржыландыруды алатын болады. 5) Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің қабылданатын шешімдерінің объективтілігі мен негізділігі арттырылды. Алғашқы рет Апелляциялық комиссия құрылды. 6) өткен жылмен салыстырғанда ғалымдардың саны артуда, оның ішінде 40 жасқа дейінгі жас ғалымдардың үлесі 46% - құрайды. 7) Ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды коммерциаландыруға тоқталатын болсақ, жыл сайынғы конкурстар есебінен жобаларды коммерцияландыру үлесіне алдағы екі жылмен салыстырғанда 27% жетті (2021-21%, 2022-25%). 2022 жылдың қорытындысы бойынша 120 жоба жалпы табысы 16,4 млрд. теңгеден асатын сату кезеңіне жетіп, оның ішінде 15 жоба бойынша экспорт 346,7 млн. теңгені құрады. Жалпы, 2020-2022 жылдары жобаларды іске асырудан бюджетке салықтар мен төлемдер түрінде шамамен 5,2 млрд. теңге төленді. 1400-ден астам жұмыс орны құрылды. 8) Соңғы жылдары Халықаралық журналдарда ғылыми жарияланымдардың өсуі (2022 жылы - басылымдардың жалпы санынан 0,14%, 2020 жылы-0,13%), сондай-ақ Scopus базасына кіретін қазақстандық ғылыми журналдар санының өсуі байқалады, бұл біздің ғылыми жетістіктерімізді әлемдік қоғамдастық мойындағанын көрсетеді. Математика, инженерия, экология, микробиология, молекулалық биология және генетика сияқты ғылыми бағыттар бойынша көрсеткіштер жақсарды. Отандық ғалымдардың жетістіктерінің ішінде QazVac коронавирусына қарсы қазақстандық жоғары тиімді вакцинаны әзірлеуді атап өту қажет. 9) Бірыңғай терезе цифрлық платформасы арқылы ҒЗТКЖ-ны қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін орталықтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде (1%). «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында ғылыми-техникалық бастамалар орталығы құрылды, биылғы жылы есепке алу, тіркеу және сараптама процестерінің бірыңғай цифрлық платформасын іске қосу жоспарлануда. Жер қойнауын пайдаланушылардың білімге және ҒЗТКЖ міндеттемелерінің 1% - пайдалануды үйлестіру бойынша НҚА-ға тиісті өзгерістер енгізілетін болады. 10) Ғылым саласын басқару, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, технологияларды дамыту және инновациялық қызметті қолдау мәселелерін үндестіру мақсатында Министрлікпен «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң жобасы әзірленуде.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар