дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 0:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық балуан жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық балуан жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
ашық дереккөзі
Қазақстандық балуан жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық балуан Юсуф Мациев Болгария астанасы Софияда 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды Қазақстан күрес федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Юсуф Мациев грек-рим күресінен 97 келіге дейінгі салмақта финалға дейін еркін жетіп, соңғы белдесуде ирандық Али Рамезанали Абедидарзимен белдесіп, есе жіберді. Тағы бір қазақстандық балуан Дін-Мұхамед Қошқар 67 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. Бұдан бұрын грек-рим күресінен Мақсат Сайлау 87 келіге дейінгі салмақта үшінші орыннан көрінген еді. Ол қола жүлде үшін бәсекеде украиналық Микита Алексеевтен басым түсті. Еске сала кетейік, бұдан бұрын қос қазақстандық балуанның жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар