Қазақстандық боксшылар «Странджа Кубогында» топ жарды
- авторjambylinfo.kz
- 3 наурыз, 2025
- 779

Бұл жарыс кіші әлем чемпионаты саналады және оған мықты боксшылар жиналған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстан құрамасының жетістіктері:
75 кг – Сабыржан Аққалықов қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль иеленді.
81 кг – Бекзат Нұрдәулетов жеңімпаз атанып, ел қоржынына тағы бір алтын қосты.
Әйелдер, 50 кг – Әйгерім Сәттібаева финалда болгар боксшысы Севда Асеновадан жеңіліп, күміс жүлдені иемденді.
Әйелдер, аса ауыр салмақ – Финалда екі қазақстандық кездесті. Ләззат Күнгейбаева Дина Исламбекованы жеңіп, алтын медаль алды, ал Исламбекова күміспен марапатталды.
Ерлер, 63,5 кг – Тағы бір қазақстандық финал. Ертуған Зейнуллинов Мұхаммедсабыр Базарбайұлын жеңіп, чемпион атанды. Мұхаммедсабыр күміс жүлдеге ие болды.
Ерлер, 67 кг – Төрехан Сабырхан финалда қарсыласынан басым түсіп, алтын медальді жеңіп алды.
Қазақ боксшылары халықаралық аренада тағы да өз мықтылығын дәлелдеді!
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз