Солтүстік Қазақстан облысында ҰОС ардагері 103 жасқа толды
- авторjambylinfo.kz
- 3 наурыз, 2025
- 247

1922 жылы Украинада дүниеге келген ол 19 жасында майданға аттанып, 1-Беларусь және 1-Украин майдандарында көпір салу бөлімінде қызмет еткен, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Валентина Архиповна соғыс кезінде Волгадан Берлинге дейінгі өткелдер мен көпірлердің құрылыс жұмыстарына атсалысты.
Ерен еңбегі үшін ол II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
Соғыстан кейін Целиноградтағы (қазіргі Астана) керамика зауытында бухгалтер болып жұмыс істеп, соңғы 30 жылдан астам уақытын Петропавлда өткізуде.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ардагерді арнайы құттықтап, оның Жеңіске қосқан үлесі мен соғыстан кейінгі еңбегін ерекше атап өтті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз