дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 14:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық екі жас теннисші әлемдегі үздік 100 ойыншының қатарына кірді

Қазақстандық екі жас теннисші әлемдегі үздік 100 ойыншының қатарына кірді
ашық дереккөзі
Қазақстандық екі жас теннисші әлемдегі үздік 100 ойыншының қатарына кірді
Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жас және одан кіші жастағылар арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Аружан Сағындықова 77-орынға орнықты. Аружанды өкшелеп келе жатқан Сандуғаш Кенжебаева 79-дан 78-ге көтерілді. Жанель Рүстемова 147-орында болса, бірден 49 сатыны артқа тастаған Дана Байдәулет әлемнің 167-ракеткасы атанды. Еркежан Арыстанбекова 193-інші, Айя Нұпбай 211-сатыда (+47) тұр. Өткен аптамен салыстырғанда, Асылжан Арыстанбекова (+10, 213-ракетка) мен Іңкәр Дүйсебай (+33, 459-ракетка) да өз көрсеткіштерін жақсартты. Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Швейцариядағы жарыстың ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар