Қазақстандықтардың 43% өз кәсібін ашуды армандайды
HeadHunter сервисінің талдаушылары 3-26 қазан аралығында сайттың 845 пайдаланушысы арасында сауалнама жүргізіп, қазақстандықтардың жартысына жуығы өз кәсібін бастығысы келетінін анықтады, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 43% - ы өз ісін ашуды армандайды. Олардың 27%-ы жақын арада бизнесті бастауға ниетті, 65%-ы екі-үш жыл ішінде өз жобасымен айналыспақшы. Респонденттердің көпшілігі өз бизнесін қызмет көрсету, сату, өнер, бөлшек сауда және қаржы салаларында бастағысы келеді.
Барлық кәсіп ашқысы келген респонденттердің 21%-ының бастапқы капиталы бар, 25%-ы нарық пен бәсекелестікті талдау үстінде, 38%-ы бизнес-жоспар дайындаумен айналысса, 16%-ы жоба тұжырымдамасын жазып жатыр.
Әлеуетті кәсіпкерлердің негізгі тосқауылдары мен қорқыныштары:
1) Бастапқы капиталдың болмауы;
2) Жаңа локдаундардың пайда болуы;
3) Дұрыс емес бизнес үлгісін таңдап, шығынға батудан қорқу.
30 жасқа дейінгі әлеуетті кәсіпкерлер ақша мәселесінен қорқады, егде жастағы адамдар кенеттен пайда болатын локдаундар мен қосымша заңнамалық шектеулерге байланысты туындайтын қолайсыздықтардан қорқады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024