Жаңалықтар
Қазақстандық фристайл-акробаттар тарихи алтын медаль жеңіп алды
- авторjambylinfo.kz
- 11 ақпан, 2025
- 236

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Харбиндегі Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы кезекті жеңіске жетіп, қоржынға екінші алтын медальді салды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізіп, алғашқы алтынды иеленді. Бұл сайыста Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов жоғары нәтиже көрсетіп, үздік атанды.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшылар бұл спорт түрінен тек күміс пен қола жүлделерге қол жеткізген еді. Осылайша, фристайл-акробатикада Қазақстан алғаш рет Азия ойындарының чемпионы атанды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз