Жаңалықтар
Қазақстандық гимнаст алғаш рет жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жүлдегері атанды
- авторjambylinfo.kz
- 2 сәуір, 2023
- 218
Қазақстандық гимнаст алғаш рет жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Қазақстандық Зейнолла Ыдырысов Түркияның Анталья қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, З.Ыдырысов ат снарядында 14.066 балмен үздік үштікке ілікті.
Ол тек армениялық спортшыларға ғана жол берді. Гамлет Манукян (14.633) чемпион атанса, Мамикон Хачатурян (14.100) күміс жүлдеге ие болды.
Бұл – Қазақстан спортшыларының гимнастика тарихында жасөспірімдер арасында әлем чемпионатындағы алғашқы медалі.
Антальядағы әлем біріншілігі 2 сәуірде қорытындыланады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала