Қазгидромет: Бүгін үш облыста үсік жүреді
«Қазгидромет» РМК-сы сәурдің 2-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Қазгидромет» мәліметтеріне қарағанда, бүгін еліміздің басым аумағы антициклон жырасының ықпалында болады. Күн ашық. Тек елдің батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына циклон жырасы әсер етеді және онымен байланысты фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, оңтүстігінде найзағай болады.
Республика бойынша еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында өте қатты жел соғып, оңтүстігінде - шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Жетісу облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарында желдің екпіні 30 м/с және одан да көп болады,
Түнде Алматы облысында 1-6 градус, Жетісу облысында 2-7 градус, Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






