бейсенбі, 24 шілде, 2025 17:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасында топ жарды

Қазақстандық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасында топ жарды
baq.kz
Командалық есепте 24 елдің арасында екінші орынды иеленді

Қазақстандық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасында топ жарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Солтүстік Македонияда өткен жасөспірімдерге арналған Балқан математикалық олимпиадасында (JBMO) Қазақстан құрамасы тарихи үздік нәтиже көрсетті. Оқушыларымыз төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алып, командалық есепте 24 елдің арасында екінші орынды иеленді.

Алтын медаль иегерлері: – Ануар Ағыбаев, Александр Олейников (NurOrda халықаралық мектебі, Алматы) – Жәңгір Булат, Батырхан Бейғанов (РФММ, Алматы)

Күміс пен қоланы еншілегендер: – Нұртай Мәлік (Ақтөбе), Мирас Кеңесбек (Қарағанды)

Команда жетекшілері — Сергей Полянских пен Перизат Саутбекова.

JBMO — 16 жасқа дейінгі оқушыларға арналған беделді халықаралық жарыс. Қазақстан бұл олимпиадаға 2004 жылдан бері қатысып келеді.

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар