Қазақстандық оқушылардың жобасы әлемнің ең үздік 100 инновациясының қатарына енді
- авторjambylinfo.kz
- 11 қараша, 2024
- 502
Атырау қаласындағы "Білім-инновация" лицейінің 11-сынып оқушылары Хайдар Атагулла мен Қайырхан Лұқпанов әзірлеген "Ақылды көзілдірік" жобасы әлемнің үздік 100 жобасы қатарына енді. Жоба Jasscience-2024 байқауының жеңімпазы болып, әлемдегі ең беделді бағдарламалардың бірі 100 Rise Global Winners 2024 тізіміне енгізілді, деп жазады Jambylinfo.kz
Нәтижесінде, жоба авторларының бірі Хайдар Атагулла әлемнің кез келген университетінде тегін оқу мүмкіндігіне ие болды.
"Көзілдірік RikaAI жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді. Бұл саусақпен басу арқылы іске қосылатын интуитивті бағдарлама. Ол қолданушыға құлаққап арқылы дауыстық командалар береді және сол арқылы құрылғымен өзара әрекеттесуге мүмкіндігі туындайды. Біз материал жасау үшін 3D принтерді қолдандық, ал камера, құлаққаптар мен микрофонды арнайы тапсырыс бойынша алдық", – дейді Хайдар Атагулла.
Ал Қайырхан Лұқпанов жоба туралы әңгімелеп, алдағы жоспары туралы айтты
"Көзілдіріктер төрт негізгі функцияны атқарады. Біріншіден, олар ChatGPT немесе Wikipedia сияқты қойылған сұрақтарға жауап береді. Екіншіден, мәтінді сканерлеп, дыбыстап оқиды. Үшіншіден, көзілдірік қозғалыс кезінде кедергілер туралы ескертіп отырады, бұл көру қабілеті нашар адамдарда құлау мен жарақаттанудың алдын алуға көмектеседі. Төртіншіден, көзілдіріктер бөлмеде болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат беріп, сипаттай алады. Болашақта біз құрылғының қызметін кеңейтуді жоспарлап отырмыз", – деп толықтырды Қайырхан Лұқпанов.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Оқушылар арасында «ит адамдар» көбейіп барады (ВИДЕО)
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024