дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысына Денсаулық сақтау министрі келді

Жамбыл облысына Денсаулық сақтау министрі келді
сурет: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Ақмарал Әлназарова медициналық ұйымдардың қызметімен танысты

Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Айша бибі ауылында орналасқан «Super-Pharm» фармацевтикалық өнім шығаратын кәсіпорынға барды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ведомство басшысы зауыттың өндірістік цехтарын аралап, онда бір реттік медициналық бұйымдарды шығару процесін қарап, кәсіпорынның қуаттылығымен танысты.

Сапар барысында өнім желісін кеңейту, фармацевтика саласына инновациялық технологияларды енгізу және қазақстандықтар үшін медициналық бұйымдардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін кедергілерді жою мүмкіндіктері талқыланды. Компанияның даму жөніндегі директоры Әділхан Әмірханов жаңа желілерді іске қосу жоспарлары туралы айтып берді. Жергілікті өндірушілер үшін жағдайды жақсарту жолдарына жеке тоқталды, бұл жалпы халық үшін медициналық бұйымдардың қолжетімділігі мен сапасына әсер етеді.

Айта кетейік,  «Super-Pharm» ЖШС — Қазақстандағы бір реттік медициналық бұйымдардың жетекші өндірушісі. 2006 жылы құрылған кәсіпорын тоқыма емес материалдардан, пластмассадан өнімдер және шприцтер шығарады.

Үш өндірістік желісі бар зауыт 548 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ете отырып,  жылына 300 миллионға дейін өнім шығаруға қабілетті.

Ақмарал Әлназарова Айша бибі ауылында орналасқан «Super-Pharm» фармацевтикалық өнім шығаратын кәсіпорынға барды 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар