жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандықтар қаржы пирамидасына 1 млрд теңгеден астам ақшасын салған

Қазақстандықтар қаржы пирамидасына 1 млрд теңгеден астам ақшасын салған
Фото - ашық дереккөз
Күдіктілер қамауға алынды.

  Шымкентте «ҚазМұнайГаз Инвест» қаржы пирамидасы әшкереленді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, ұйымдастырушылар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының акцияларын сатып алу арқылы жылдам табыс табуға уәде берген. Күдіктілер салымшыларға әр 15 күн сайын 50% кіріс түсетінін айтып, оларды алдаған.

Алайда іс жүзінде ешқандай бағалы қағаздар сатып алынбаған. Төлемдер тек жаңадан тартылған қатысушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылған.

Бастапқы салым сомасы 500 мың теңгеден басталған. Шамамен 200 азамат қаржы пирамидасының құрбанына айналды.

Күдіктілер заңсыз жолмен алынған ақшаға Түркістан облысында жалпы құны 438 млн теңгеден асатын екі қымбат көлік («Tank 500», «BMW X5»), тұрғын үй және мейрамхана сатып алған. Бұл мүліктер тәркілеуден жасыру мақсатында туыстарының атына рәсімделген. Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар