Жаңалықтар
Қазақстандықтар Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирден көре алады
- авторjambylinfo.kz
- 31 қазан, 2022
- 512
Қазақстандықтар Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирден көре алады
WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8КО) британиялық Дензел Бентлиге (17-1-1, 14КО) қарсы жекпе-жегін қазақстандықтар тікелей эфирден көре алады, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Әлімханұлы – Бентли айқасы жексенбі, 13 қараша күні таңертең өтеді. Тікелей көрсетілім «Хабар» арнасында астана уақытымен сағат 08.00-де басталады», - делінген Instagram-дағы «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында.
Еске салайық, «Qazaq Style» лақап атымен танымал Жәнібек Әлімханұлы биылғы 22 мамырда британиялық Дэнни Дигнумды (14-0-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанған еді.
Кейін Америка боксшысы Деметриус Андраде Ж.Әлімханұлымен міндетті жекпе-жектен бас тартты. Осыған байланысты, қазақстандық боксшыға WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы толық құқылы әлем чемпионы мәртебесі берілді.
Боксшыны ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
Ал 3 қазан күні Top Rank промоутерлік компаниясы Ж.Әлімханұлы – Д.Бентли жекпе-жегін ресми түрде жариялады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






