дүйсенбі, 2 маусым, 2025 3:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанның су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстанның су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
Фото: gov.kz
Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі мәлімдеді

Болат Бекнияз cу ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бекнияз Болат Қабыкенұлы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің бірінші вице-министрі қызметінен босатылды", – делінген дүйсенбіде жарияланған хабарламада.

Өз кезегінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Болат Бекнияздың гидрогеология және су шаруашылығы саласында 40 жылдан астам еңбек еткенін атап өтті.

Еңбек жолын 1984 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы Қ.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтында Еңбек Қызыл Ту орденді инженер болып бастады.

Осы жылдар ішінде Геология және жер қойнауын қорғау комитетінде, Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары комитетінде, "Еуразиялық су орталығы" АҚ-да және Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығында басшылық қызметтерді атқарған. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары және Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясының директоры болды.

География ғылымының кандидаты. 2024 жылдың қазан айында Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Бекнияз "Құрмет" орденімен марапатталды.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар