дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 14:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанның тағы бір облысы «Күнделік» жүйесінен бас тартты

Қазақстанның тағы бір облысы  «Күнделік» жүйесінен бас тартты
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Еліміз бойынша Қостанай облысы «Күнделік» жүйесінен бас тартып отырған екінші өңір

2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қостанай облысындағы барлық жалпы білім беру ұйымдарында BilimClass электронды журналы мен күнделігі модулі енгізіледі. Осылайша, өңір мектептерінде бұрын қолданыста болған «Күнделік» жүйесінен бас тартады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

 Aqshamnews.kz сайтының жазуынша, 
«Қостанай облысының білім басқармасы мен «Bilim Land» ЖШС арасында биылғы шілде айында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

"BilimClass жүйесіне көшу барысында барлық білім беру ұйымдарына мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары үшін тегін цифрлық ресурстар ұсынылады. Мектептер, сыныптар 
және пәндер бойынша білім сапасын аудандық және облыстық деңгейде мониторинг жүргізу мүмкіндігі қарастырылған. «Күнделік» жүйесінен деректерді жүктеп алғаннан кейін құжаттарды тегін сақтау және BilimClass жүйесіне автоматты түрде деректерді жүктеу мүмкіндігі беріледі", – деп хабарлады облыстың білім басқармасы.

Сонымен қатар, оқушыларға халықаралық зерттеулерге (PISA, TIMSS, PIRLS) дайындық кезінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және бағалау үшін Bilimcenter.kz модуліне тегін қолжетімділік беріледі. Мониторинг және біліктілікті арттыру курстарынан өткен кезде сертификаттау мүмкіндігі де қарастырылған. Басқарма платформаның жарнамасыз жұмыс істейтінін нақтылады.

Еске салайық, былтыр  Актөбе облысының мектептері де BilimClass электронды күнделігіне көшкен болатын.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар