«Байланысқа шық». Нұрсұлтан Құрман өзін «хайп» жасады деп айыптаған Нұралы Әліпке шүйлікті
- авторМағжан Орынбасар
- 19 тамыз, 2024
- 588
Футболшы Нұралы Әліптің Ресейдегі подкастта Черчесовке қойылған қазақша сұраққа байланысты айтқан сөзі қоғамда шу туғызды. Ол журналист Нұрсұлтан Құрманның әрекетін «хайп» деп бағалаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осы мәселе орай, Нұрсұлтан Құрман әлеуметтік желіде Нұралы Әліптен үндеу тастап, одан айтқан сөзіне түсініктеме беруін талап етті.
- Нұралы, сен тіл үстемдігін шырақ етіп отырған Маңғыстаудың тумасысың. Маңғыстауда әрбір қаза ана тілі үшін жанын беруге дайын. Мен сенің мына айтқан сөзіңді мүлде түсінбедім. Маған ешқандай хайп керек емес. Хайп үшін емес, қазақ футболы үшін жүрміз. Дүниеге қазақ боп келгеннен кейін ұлт мүддесі, тіл тағдыры бірінші кезекте тұруы керек. Сол үшін Нұралы есіңді жи! Әліңді біл! Қазақ жеріндегі барлық баспасөз конференциясы қазақ тілінде өтуі керек. Мен Черчесовтен қазақша жауап беруін талап еткен жоқпын. Сұрағымды қазақша қойдым. Мұндай мәлімдеме жасауың қате. Мұны қазақ жанкүйерлері түсінбей отыр. Сондықтан сенен түсіндірме күтеміз. Байланысқа шық немес түсіндірме бер,- деді Нұрсұлтан Құрман.
Қазақстан Таиландпен визасыз келісім бекітті
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024