Қазақ тілін мұқатқан Черчесов 738 400 теңге айыппұл төлейтін болды
- авторjambylinfo.kz
- 16 қазан, 2024
- 259
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Бәрменқұлов айтты
"Қателіктер бар, біз бұл туралы кеше ғана журналистермен сөйлестік. Черчесовтың әзілі, әрине, шектен шықты. Мен онымен жеке сөйлестім, мемлекеттік тілдің өзектілігі мен маңызын түсіндірдім. Біз ол туралы Черчесовтің өзімен сөйлестік. Оған айыппұл салынды", - деді федерация басшысы Әділет Барменқұлов.
Айта кетейік, Қазақстан футбол командасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске “сен француз тілінде сөйлеп отырсың ба?” деген. Бас бапкердің бұл сөзі халықтың наразылығын тудырды. Станислав Черчесов бұған дейін де қазақ тілін мұқатып, қоғамның сынына ұшыраған болатын.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз