
20 маусымда еліміздің бірқатар өңірінде күн бұзылады. Кей өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін,
"Қазгидромет" синоптиктері бүгін еліміздің бірнеше өңірінде болатын қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ел бойынша негізгі қауіптер:
найзағай, дауыл, бұршақ;
қатты ыстық (35°C-қа дейін);
жел екпіні 23–28 м/с дейін;
кей аймақтарда шанды дауыл.
Сонымен қатар, өңірлердің басым көпшілігінде жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖМ ескертеді:
- қатты ыстық пен жел кезінде орманға немесе далаға барудан аулақ болыңыз;
- найзағай кезінде ағаш астында тұрмаңыз, көшеде электроқұрылғыларды пайдаланбаңыз;
- от жақпаңыз, жанғыш заттарды күн астында қалдырмаңыз;
- ауа райы нашарлағанда — үйде болғаныңыз абзал.