сейсенбі, 15 шілде, 2025 22:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлеуметтік төлемдерге жұмсалған қаражат 310 млрд теңгені құрады

Әлеуметтік төлемдерге жұмсалған қаражат 310 млрд теңгені құрады
Фото: Jambylinfo.kz
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді

2025 жылдың басынан бері мүгедектікке және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 272,7 миллиард теңге жұмсалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сонымен қатар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына байланысты 37,3 миллиард теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.

1 маусымдағы жағдай бойынша мүгедектікке байланысты мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны 542,5 мың адамды, ал асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар 198,1 мың адамды құраған.

Мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақының мөлшері адамның мүгедектік тобына, оның себебіне және сол жылы бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты белгіленеді. Асыраушысынан айырылуға байланысты жәрдемақы көлемі марқұмның асырауындағы адам санына, қайтыс болу себептеріне және күнкөріс деңгейіне қарай анықталады.

Бұдан бөлек, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер жүргізіледі. 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 93,2 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты төлем алса, 64,2 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлем алған.

Бұл төлемдердің көлемі әр адамның әлеуметтік аударымдар тарихына, соңғы екі жылдағы орташа айлық табысына, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициентіне, асырауындағы адам санына және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты есептеледі.

Айта кетейік, бұл төлемдер республикалық бюджеттен берілетін жәрдемақыларға қосымша ретінде төленеді.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар мен сақтандыру қорынан берілетін төлемдер 6,5 пайызға артты.

Мәселен, жалпы ауру себебінен мүгедектікке шалдыққандарға арналған жәрдемақының жаңа мөлшері: – 1-топ үшін – 101 702 теңге,

– 2-топ үшін – 81 362 теңге,

– 3-топ үшін – 55 474 теңге.

Ал еңбекке қабілеттілігінен айырылғандарға арналған төлемдердің орташа мөлшері – 70 245 теңге,

асыраушысынан айырылғандар үшін – 72 524 теңге болды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар