сейсенбі, 15 шілде, 2025 19:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақ үй: Трамп АҚШ-тың Иранға соққы жасау мәселесіне қатысты шешімді екі апта ішінде қабылдайды

Ақ үй: Трамп АҚШ-тың Иранға соққы жасау мәселесіне қатысты шешімді екі апта ішінде қабылдайды
@realdonaldtrump – Instagram
Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы таратқан мәлімдемеде айтылды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға әскери соққы беру жөнінде шешімді алдағы екі аптада қабылдайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz CNN-ге сілтеме жасап.

Дональд Трамп соңғы шешім қабылдамас бұрын дипломатиялық жолмен мәселені шешуге мүмкіндік бергісі келетінін жеткізді.

"Алдағы уақытта Иранмен келіссөздер өтуі мүмкін деген ықтималдылықты ескере отырып, мен әскери әрекетке бару немесе бармау жөнінде шешімді екі апта көлемінде қабылдаймын", – деп Трамптың сөзін жеткізді баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт.

Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өз кезегінде елінің қарулы күштері Ирандағы барлық ядролық нысандарға, соның ішінде жер астындағы Фордо объектісіне соққы жасауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы The Times of Israel жазады.

"Біз өзімізге қойған барлық мақсаттарға жетеміз, олардың бүкіл ядролық инфрақұрылымын жоямыз. Мұны жүзеге асыратындай күшіміз бар. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл әрекетке қосыла ма, жоқ па – бұл өз еркі. Ол Америка үшін тиімді шешімді қабылдайды, мен Израильдің мүддесі үшін әрекет етемін. Қолдау болса – қуанышпен қабылдаймыз", – деді Нетаньяху.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесі өз мәлімдемесінде, егер сыртқы күштер жағдайды одан әрі ушықтырса, елдің әскери және стратегиялық жауабы шұғыл әрі тепе-тең болатынын ескертті, деп хабарлайды ирандық Mehr агенттігі.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар