сейсенбі, 1 қазан, 2024 9:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АЖЫРАСУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ

АЖЫРАСУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ
ашық дереккөзі
АЖЫРАСУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ
Отбасы-адам өмірінің ең басты құндылығы. Қос ғашық бір-бірімен үйлесім тауып, шаңырақ атты киелі ұғыммен отбасын құрады. Ары қарай, жұптасып, үбірлі-шүбірлі болып ғұмыр кешеді. Десе де, қазақ халқы бекерден бекер айтпаған: «үйлену оңай, үй болу қиын»,-деп... Отбасының тұтастығы мен берекесі, ер мен әйелдің тарапынан күшке еніп, күйін сақтайды. Бұрындары қазақ халқы отбасын ең бірінші орынға қойған, ажырасу деген мүлде болмаған, керісінше, жесір әйелдерді жалғыз қалмасын, балалары жетімсіремесін деп әйелдікке алып отырған. Ер адам азығын түзден іздеп, әйел кісілер босағаны күзетіп қалған. Ерінің тапқан нәпақасын бала-шағаларына үлестіріп, әкенің шоқтығын биік санап, тек қана бала тәрбиесімен айналысып отырған. Тәрбие барысында, ұл-мен қыздың өзіндік қазақи бірлігі мен орны болатынын, ажырасу, алдау, надандық сынды істерден жирендіріп, қазақтың күллі ғибратымен тәрбие беріп отырған. Нәтижесінде: берік, берекелі, сыйлы, парасатты, ұл-қызы өнегелі қазақ отбасылары болған. Ал, қазіргі таңда ше? Бұл-байырғы өмір сүру қағидасы сақталған ба? жоқ, әрине... Бүгінгі таңда ажырасудың ең басты себептеріне: екі жастың тым ерте үйленуі, материалдық жағдай, ата-ананың екі жас арасына түсуі, психологиялық тұрғыда әлсіз дамыған адамдар, жоспарсыз балалы болып, бас қосу және танымайтын адамның алып қашуына көнген жас қыздар қатары жатады. Жамбыл облысында осы жылы ҚР жергілікті атқару органдарының АХАТ бөлімшесінің мәліметінше, 2023 жылы 39 ажырасу тіркелген. Отбасын бұзуға ең көп арыз берушілер 18-23 жас аралығындағы заңды түрде некесін қиған жастар болса, орта жасқа келіп ажырасуға өтініш білдірушілер 29-33 жас аралығындағы ересек адамдар. Қоғамға батыстың былығы жайылғалы, ар-ұят пен рухани құндылықтан жұрдай, өз білгенін жасап, үлкенін құрмет жасамайтын жастар саны көбейген. Гаджеттер мен түрлі смартфондар, әлеуметтік желідегі байлар өміріне қызығушылық танытып, өз отбасын ұмытқан жандар қаншама? Отбасы құндылығын түсінбей үйленген жастар, үй бола ма? Міне, сұрақ қайда жатыр. Бұл мәселені қалыпқа келтіру үшін, ұл мен қыз тәрбиелеп отырған әрбір ата-ана, оларға жастайынан рухани тәрбие беріп, өздері үлгі болуы тиіс, отбасы жылулығы мен мейіріміне қанып өскен бала, келешекте мықты отбасы құрары хақ. Қазақы болмыстың бүтіні тек отбасы екенін жастарға дәріптеу қажет, екі жастың кердейген көкірегінен қаншама бала жартылай жетім атанып, толыққанды отбасында тәрбие ала алмай жатыр. Салдарынан олар да болашақта ажырасуға жеңіл көзқарас қалыптастырады. Жалпы алғанда, жоспарлы түрде, толық дайын болған сәтте ғана отбасын құру қажет, ата-ана өз баласына отбасы болудың құндылықтарын әбден дәріптеп барып, жол сілтеу қажет, сонда ғана елімізде ажырасу саны азаяды деп ойлаймын.

М.Х.Дулати атындағы

                                                                                                                                              Тараз өңірлік университеті

Конвергенттік журналистика факультетінің

3 курс студенті

Аяпова Гүлназ

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар