сәрсенбі, 6 қараша, 2024 0:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

     Дәрігер – мамандықтың асылы

     Дәрігер – мамандықтың асылы
ашық дереккөзі
     Дәрігер – мамандықтың асылы
Әр адамның өміріне араша түсетін дәрігер  мамандығын   таңдау кім-кімге де болмасын үлкен жауапкершілікті жүктейді. Өйткені дәрігер адамның  жан-дүниесін өте терең білумен қатар адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек. Олай дейтініміз, ақ халатты абзал жандардың алдына күніне қаншама жандар ауырып келеді. Сондықтан да қажырлы жұмыс иелері халықтың алғысын арқалаған жандар.Осындай елдің ықыласына бөленген білікті мамандардың бірі Байзақ аудандық емханасының көз дәрігері Исакулова Гүлсара Рахымқызы. Гүлсара Рахымқызы. 1947 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген.Одан кейін Шымкент қаласында мектепті тәмамдап, 1965 жылы Алматы медициналық университетіне оқуға түскен. Оқуды аяқтаған соң 1971  жылы Шымкент қаласында қалалалық медициналық емханасында біраз жылдар бойы қызмет атқарған. Дегенмен 1988 жылы Тараз қаласы Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылына қоныс аударады. Осы жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін жемісті қызмет атқарып келеді. Медицина саласында қажырлы еңбек етіп келе жатқаныныа міне 35 жыл болды. Білікті дәрігерді төл мерекелері қарсаңында біз де әңгімеге тарттық.  -Гүлсара ханым, көз аурулары туралы не айта аласыз?
Көз аурулары алыстан көргіштік,алыстан көрмеушілік, астигматтық, дальтонизм пайда болатын және іштен туа біткен аурулар. Көз ауруларының пайда болуына механикалық, физикалық, химиялық факторлар әсер етеді
  -Көз ауруларының жиі кездесетін түрлері қандай?
Бленорея,коньюктивит,көзге ақ түсу, тағы басқа. Көзге ақ түсу лейкома көздің қасан қабығының ауруы. Бұл көбінесе жарақаттанудан, қабынудан, көзге шыққан түрлі жарадан болады.
  -Адам көзінің қарауытып,көру өткірлігінің кемуі неге байланысты?
Адам көзінің қарауытып, көру өткірлігінің төмендеуі түрлі себептерге байланысты пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар көздің қабыну ауруларында,миопияда, глаукомада, көздің жарақаттарында дамиды.
-Арнайы жаттығулармен ем домдар арқылы сырқаттан сақтануға болама?
Әр аурудың ерекшелігіне қарай  дәрігер маман емдеу тәсілін толық зерттеу нәтижесінде тағайындайды. Жалпы емі толық және нәтижелі болу науқастың сапалы тексерілуіне байланысты. Дәрі- дәрмекті уақытылы қолданумен қатар ота жасау арқылы да емделеді.

М.Х.Дулати атындағы

                                                                                                                                              Тараз өңірлік университеті

Конвергенттік журналистика факультетінің

3 курс студенті

Аяпова Гүлназ

 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар