сейсенбі, 1 қазан, 2024 4:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Блогерлік кәсіп пе әлде ермек пе?

Блогерлік кәсіп пе әлде ермек пе?
ашық дереккөзі
Блогерлік кәсіп пе әлде ермек пе?
Біз техниканың дамып, ғаламтордың жанданған дәуірінде өмір сүріп келе жатқалы қашан. Бүгінгі таңда интернет әлемі кең ауқымда өз жұмысын күллі дүниеде жүргізіп отыр, дәстүрлі жүйе сәннен қалып, тренд және бренд ұғымы жастар арасында кеңінен таралды. Олардың бастаушысы, негізін салушылар заманауи интернет маманы мен мамандығы: блогерлер және блогерлік іс. Ең бай, атақты, заманауи, үлгі алатын адамдардың да алдыңғы қатарында блогерлер тұр. Онлайн сауда мен онлайн бизнесіңіз болса, сіз тез жағдайыңызды жетілдіріп, кәсібіңізді өрлетесіз, егер де бұл салаға енді келсеңіз ел алдында жүрген блогерлерге ақы төйлеп, бизнесіңізді жарнамалайсыз. Халық күнде көріп, ісі мен әрекетіне қызығып жүрген блогерлердің жарнамасы арқылы не өзіңізді, не тауарыңызды таныту мен дамытуға үлкен септік тигізесіз. Блогер болу -бір қарағанда ең оңай жұмыс секілді, күнде халық алдында көрсететін дүниең мен сапалы телефоның болса болғаны деп ойлаймыз. Десе де, блогер болып халықпен жұмыс істеп, сапалы парақша жүргізу оңай нәрсе емес, асқан креативтілік пен жауапкершілікті, мықтылық пен позитивтілікті талап етеді. Күнде дамуды, оқуды, қызықтыратын дүниелерді қатар алып жүріп, халықпен тіл табыса алатын адам ғана блогер бола алады. Ш.Мұртаза атындағы № 30 гимназия мектеп оқушысы блогерлер сөздік қорына аса мән беруі керек дегенді айтады:
Қазіргі заманда блогерлердің бірнеше түрі бар. Менің ойымша, блогерлер әлеуметтік желілерде ерсі сөздер мен әдепсіз қылықтар жасамауы керек. Өйткені оларды өзіммен жасты балалар да көреді. Мысалға, Влад А4 өзінің ютуб контентінде жаман сөздерді қолданбайды. Сол үшін жеткіншектерге пайдалы және ақылды сөздерді жиі айтатын кісілерді көруді ұсынамын.
 

        М.Х.Дулати атындағы

Тараз өңірлік университеті

конвергенттік журналистика  факультетінің

3 курс студенті  Аяпова Гүлназ

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар