Жаңалықтар
Азиада-2025: Қазақстан әйелдер құрамасы керлингтен алғашқы жеңісіне қол жеткізді
- авторСадуақас Айсұлу
- 10 ақпан, 2025
- 226

Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары жалғасуда.
10 ақпан күні керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстан құрамасының сапында Тилсимай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова, Регина Эбауер өнер көрсетті.
Топтық кезеңде отандастарымыз Тайбэй құрамасымен кездесті. Қазақстандықтар қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, 0:14 есебімен жеңіске жетті.
Келесі матч Астана уақытымен сағат 16:00-де Қытай құрамасына қарсы болмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Таразда «Шаңырақ күні» перзентханадағы аналарға құрмет көрсетілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 наурыз, 2025