дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 18:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Азия ойындарына киім тіккен компаниялар "қара тізімге" енуі мүмкін

Азия ойындарына киім тіккен компаниялар "қара тізімге" енуі мүмкін
ашық дереккөзі
Азия ойындарына киім тіккен компаниялар "қара тізімге" енуі мүмкін
Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан 16-шы Азия ойындарына қатысушы қазақстандық спортшылардың киім тіккен компаниялар жосықсыз жеткізушілер тізіміне кіргізілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары Ренад Ахметов ҚазАқпарат тілшісінің сауалына берген жауабында осындай мәлімет айтты. "Заңнамада келісімшарттағы міндеттемелерді сапасыз орындағаны үшін тапсырыс беруші жеткізушінің үстінен жосықсыз орындаушылар тізіміне енгізу туралы сотқа жүгіне алады. Тапсырыстың сапасыз орындалғаны дәлелденсе, сот жосықсыз жеткізушілер тізіміне кіргізу туралы шешім шығарады. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін жеткізуші тізімге енеді де, порталдағы әрекеттері бұғатталады. Бұдан әрі ол жеткізуші сатып алу процестеріне қатыса алмайды", - деді Ренад Ахметов.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар