дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 20:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Келесі пандемия қандай болады – ғалым болжамы

Келесі пандемия қандай болады – ғалым болжамы
ашық дереккөзі
Келесі пандемия қандай болады – ғалым болжамы
Өмір туралы ғылымдар саласындағы серпіліс үшін әлемдік сыйлықтың лауреаты атанған Паскаль Майер Астанадағы Нобель фестивалінде келесі пандемияның ықтимал көздерін болжады, деп хабарлайдыЖамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Ғалым дүниежүзілік COVID-19 пандемиясы үлкен қайғылы жағдайға әкеліп, бірінші жылы 3 миллион адамның өмірі қиылғанын айтты.
«Маусымдық тұмау пандемиясы - бұл жыл сайын болады және өлім-жітім көп. Мысалы, Францияда біз жыл сайын өлім-жітімнің артып келе жатқанын көреміз. Естеріңізде болса, COVID-19 маусымдық тұмау ма деген пікірталас туындаған еді. Мысалы, Эбола вирусы да өте ауыр вирустық инфекция. Өлім деңгейі шамамен 50%, әрбір екінші адам қайтыс болады. Ал COVID-19 сол инфекциялардың жүздің бірі», - деді Паскаль Майер Nobel fest шарасында.
Ғалымның айтуынша, пандемиямен күрес барысында көптеген елдер тез әрекет ету стратегияларын әзірледі. Сондай-ақ, Қазақстанның QazVac вакцинасын сәтті әзірлеп, оның клиникалық сынақтарын тез өткенін атап өтті. Одан бөлек, ғалым микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігін адамзат үшін тағы бір қауіп деп атады.
«Бактериялар дәрі-дәрмектерге тез төзімді болады. Осы себепті 2050 жылға қарай жыл сайын 10 миллионға дейін кісі өлімі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірқатар үлкен қауіпті болжайды. Мысалы, Арктикада төзімділік гендері бар бактериялар мұз қабатының астынан табылды», - дейді П. Майер.
Спикердің мәлімдеуінше, әлемге жаңа дәрі-дәрмектер қажет, бірақ оны коммерциялық тұрғыдан тиімді етіп ешкім жасай алмайды. Айта кетейік, Астанада дәстүрлі Nobel fest фестивалі өтіп жатыр. Алтыншы рет ұйымдастырылған шараға арнайы шақырылған Нобель сыйлығының лауреаттары, ғалымдар, бизнес өкілдері қатысуда.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар