дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 22:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қордай ауданы Жамбыл ауылдық округінің 2023 жылғы 8 айлық әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Қордай ауданы Жамбыл ауылдық округінің 2023 жылғы 8 айлық әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
ашық дереккөзі
Қордай ауданы Жамбыл ауылдық округінің 2023 жылғы 8 айлық әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Қордай ауданы Жамбыл ауылдық округінің 2023 жылғы 8 айлық әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері Жамбыл ауылдық округінің аудан орталығынан - 15 шақырым қашықтықта орналасқан, аумағы 42 469,9 га құрайды. Округте екі елді - мекен орналасқан: Жамбыл, Жаңатұрмыс ауылдары, жалпы 1054 ауладағы тұрғындардың саны – 6822.  Жалпы инвестиция тарту көлемі – 15,0 млн. теңге (бордақылау алаңы- 10,0 млн. теңге, наубайхана – 5,0 млн теңге).  Округ бойынша жеке кәсіпкерлер саны – 289 оның ішінде 236 жеке кәсіпкер мал шаруашылығымен айналысса, қалған 53 жеке кәсіпкер әртүрлі сала бойынша жұмыс істейді.  Округ бойынша шаруа қожалықтар саны – 95. Шаруа қожалықтарының барлық жерлері – 24693,39 га, оның ішінде жайылым жерлері – 18016,41 га, егістік жер – 5390,23 га, суармалы – 879,94 га. Күзгі дала жұмыстары Округ бойынша шаруа қожалықтарда барлығы 5950 га жерге егістік егілді. Оның ішінде: бидай – 976 га, арпа – 2417 га, жүгері – 350 га. Ветеринария саласы бойынша Мүйізді ірі қара мал саны – 4598,  ұсақ мал саны – 24960, жылқылар саны – 703, сондай-ақ құстар – 5300. Жалпы 35 561 бас. Ауылдық округте жолдар туралы Ауыл ішіндегі жолдарының жалпы ұзындығы 26,2 шақырым. Республикалық маңызы бар жолдар – 29, аудандық маңызы бар жолдар – 4,2 шақырым. 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жамбыл, Жаңатұрмыс ауылдарындағы  ауылішілік жолдарды орташа жөндеуден өткізуге 279 млн 880,5 мың теңге қаржы бөлініп, ашық конурс арқылы "DAUREN BUILD" ЖШС - гі жеңімпаз атанып, бүгінде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Нәтижесінде жалпы округ бойынша ауылішілік жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 94 % жетті. Жарықтандыру Округте барлығы 29 көшенің 11 көшесінде жарықтандыру бар. 2023 жылы аудандық бюджеттен 1589,0 мың теңге қаржы қарастырылып, Жаңатұрмыс ауылы Өрлеу көшесіне жарықтандыру орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Табиғи газбен жабдықтау бойынша Жалпы округ бойынша табиғи газбен қамтылу деңгейі 88,7 % құрайды. Жамбыл ауылында 85,7 %, Жаңатұрмыс ауылында 96,3 %. Жамбыл ауылында – 753 үй, оның ішінде газ жүргізілген үйлер саны – 645,  Жаңатұрмыс ауылында – 301 үй, оның ішінде газ жүргізілген үйлер саны – 290. Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша «Қордай-су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын балансында. Жамбыл ауылы бойынша – 730 тұрғын үй қосылған, оның ішінде есептегіш құралдар саны – 582, есептегішсіз абонентттер саны – 148 (тәулік бойы). Қалған 23 үйде жеке су ұңғымалары бар. Ауыз су жүйесіне яғни Жамбыл ауылы Алға көшесіне 5499,0 мың теңгеге 1,6 шақырым, Жаңатұрмыс ауылы Ғ.Мұратбаев көшесіне 7888,0 мың теңгеге 2,2 шақырымына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмектер бойынша 2023 жылы атаулы әлеуметтік көмек алуға 45 отбасының өтініші келіп түсті, оның ішінде 8 отбасының кіріс көзі кедейшілік шегінен асып кеткені және ауылда тұрмайтындығы анықталды, 37 отбасына әлеуметтік көмек тағайындалды. Бір жолғы әлеуметтік көмек 6 адамға берілді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 3, алғашқы жұмыс орындарымен 2,  күміс жаспен 4, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 11 жас маман жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 50 жұмыссыз азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Қайтарымсыз грантпен есепті жылы 2 азамат қамтылды. Тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны 98 азамат. Білім беру саласы бойынша №26 Ж.Жабаев атындағы орта мектеп 1-11 сынып аралығында 1183 оқушы. Ал даярлық топта, яғни 0-сыныпта 45 бала білім алуда, 419 бала ыстық тамақпен қамтылған. 2022-2023 жылдың қорытындысымен барлығы 74 мектеп бітірушілерден 63 оқушы ҰБТ-ға қатысып, 17 бала грантқа оқуға түсті. 9 сыныпты 104 бала бітіріп, 5 бала грантқа түсті. Жастар, дене шынықтыру және спорт бойынша Жамбыл ауылдық округі бойынша №26 Ж.Жабаев атындағы және №29 Жаңатұрмыс орта мектебі бойынша шахмат, дойбы, еркін күрес, үстел теннисі, волейбол, баскетбол үйірмелері тұрақты жұмыс істеуде. Мерекелік іс-шаралар және қайырымдылық Көмектер бойынша Ауылда мемлекеттік және ұлттық мерекелер қарсаңында ауыл тұрғындарының қатысуымен мәдени-спорттық шаралар өткізумен қатар, түрлі санаттағы тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсету дәстүрге айналған.  Жалпы округі жыл басынан бүгінгі күнге дейін демеушілер тарапынан 214 адамға 1488,0 мың теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді. Жомарт түлек жобасы «Жомарт  түлек» жобасы аясында Жаңатұрмыс ауыл жастары және ауылдан шыққан  меценаттар Жаңатұрмыс ауылы «Жаңатұрмыс» мешітін қоршап, асхана құрылысын жүргізуде. Асар жобасы 2023 жылы Жамбыл ауылының тұрғыны Ешмұхановтар отбасының тұрып жатқан баспанасынан өрт шығып, толығымен өртке оранған болатын. Арада бір жарым айда үйді толығымен күрделі жөндеуден өткізіп, жиһаз жабдықтарымен қамтамасыз етіліп, пайдалануға берліді. Сонымен қатар Жамбыл ауылының тұрғыны көп балалы жалғызбасты ана Ұлбосын Искаковаға ауыл белсенділері Жамбыл ауылынан тұрғын үй сатып алып берді. Қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес Округте 2023 жылы 1 қылмыс тіркелген (ұрлық). 2022 жылы 3 қылмыс тіркелген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар