Жаңалықтар
Бұдан былай Қазақстанда аттестаттар мен дипломдар QR-кодпен беріледі
- авторjambylinfo.kz
- 1 қараша, 2022
- 239
Бұдан былай Қазақстанда аттестаттар мен дипломдар QR-кодпен беріледі
Қазақстан мектептерінде оқулықтарды таңдау мен мониторингтеу цифрлы форматқа көшірілмек. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аттестаттар мен дипломдар QR-кодпен цифрлық форматта беріледі, әр оқушының да цифрлық профилі енгізіледі, онда оқушының балабақшадан бастап мектеп әлде колледж бітіргенге дейінгі академиялық, әлеуметтік жетістіктері, бағалары, құзыреттер картасы, бір сөзбен айтқанда цифлық ізі қалыптастырылады. Ең қажетті қызметтер толығымен егов пен ірі банктардың мобильді қосымшаларында қолжетімді болады, - деді Асхат Аймағамбетов.Айта кетсек, бұдан бұрын 2023 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артатынын мәлімдеген.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды
- авторИндира Тәліпқызы
- 18 қаңтар, 2025