дүйсенбі, 7 қазан, 2024 22:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бізде кибершабуылдар көбейіп кетсе,интернет мүлдем жұмыс істемей қалуы мүмкін- Б. Мусин

Бізде кибершабуылдар көбейіп кетсе,интернет мүлдем жұмыс істемей қалуы мүмкін- Б. Мусин
ашық дереккөзі
Бізде кибершабуылдар көбейіп кетсе,интернет мүлдем жұмыс істемей қалуы мүмкін- Б. Мусин
Журналистер Үкімет кулуарында бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннен интернет қызметі неге нашарлап кеткенін сұрады, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Өздеріңіз білетіндей, 29 қыркүйекте ақпарат берілген болатын. Тек мемлекет инфрақұрылымына емес, Қазақстанның жалпы инфрақұрылымына шабуылдардың күшейіп бара жатқаны жөнінде ақпарат таратқан болатынбыз. Бізде арнайы Мемлекеттік-техникалық қызмет деген бар. Олар сол шабуылдардың салдарын зерттеп, қайтадан бізге шабуылдар болған кезде төтеп беру үшін тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Яғни мониторинг жұмыстарын күшейтіп, шабуылдар қайдан қалай келіп жатқанын, түгелі зерттеу үшін жұмыс жасап жатыр», - деді ол.
Мусин кибершабуылдарға төтеп беру үшін жағдайымызды түзетуіміз керек дейді. Айтуынша, түзету жұмыстарын жүргізу кезінде кішкене ақаулықтар болуы мүмкін.
«Оған қоса жалпы өзіңіз білетіндей, тек біз мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын кибершабуылдан сақтап қалу емес, жалпы Қазақстанның киберқұрылымын сақтап қалу үшін іс-шараларды жасап жатырмыз. Кейбір ақаулықтар біздің мемлекеттік органдарға да белгілі болмауы мүмкін. Сондықтан, кейбір кибершабуылдан болған кезде КЗ.СЕРТ деген ұйым бар. Сол ұйымға телефон шалып, ақауды соған хабарлауды ұсынамыз», - деді министр.
Бағдат Мусин кибершабуылдарды қылмыстық іске теңеп, ол бірден ашылмайтынын айтты.
«Киберқалқан шеңберінде толыққанды зерттеу жүргізіледі. Біз жұмыс істеп жатырмыз. Кейде техникалық ақау болады. Оны бәріміз сезіп жатырмыз. Бірақ кішкене күту керек. Бізде кибершабуылдар көбейіп кетсе, инфрақұрылымыз құласа, интернет мүлдем жұмыс істемей қалуы мүмкін. Ақаулар болады. Жалпы интернет жұмыс істеп тұр ғой. Оны жоқ айтуға болмайды», - дейді ол.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар