Жаңалықтар
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа сапасы нашарлайды
- авторjambylinfo.kz
- 19 қаңтар, 2023
- 129
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 19 қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 19 қаңтар, бейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал нашарлайды. Атап айтқанда, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа сапасы бұзылады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз