дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 0:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оқу-ағарту министрі 6 жасар дарынды оқушымен кездесті

Оқу-ағарту министрі 6 жасар дарынды оқушымен кездесті
ашық дереккөзі
Оқу-ағарту министрі 6 жасар дарынды оқушымен кездесті
180 елдің мемлекеттік туын білетін 6 жасар оқушы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесті, деп хабарлады Жамбылинфо  Halyq Uni ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Астана қаласындағы мектептердің бірінің оқушысы, әлемнің 180 елінің мемлекеттік туын жатқа білетін 6 жасар Ерген Дүйсенбек Оқу-ағарту министрлігінде болып, еліміздің бас ұстазы Ғани Бейсембаевпен кездесті. Кездесуге Ерген өзінің тулар жинағын әкеліп, зеректігін көрсетті. Сондай-ақ ол осы елдердің барлығына баруды армандайтынын айтты.
Мен әлемнің барлық мемлекетінің туын білемін, бірақ соның ішіндегі ең әдемісі – біздің елдің Туы. Мен есейгенде атақты адам болып, көк байрағымызды бүкіл әлемге танытып, көкке көтергім келеді, – деді 6 жасар Ерген Дүйсенбек.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1-сынып оқушысы Ерген Дүйсенбекпен әңгімелесіп, оған грамота мен естелік сыйлықтар табыс етті. Министр Ергеннің ата-анасына ақылды және тәрбиелі ұрпақ тәрбиелегендері үшін алғыс айтты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар