Жаңалықтар
Бүгін еліміздің қай қалаларында ауа сапасы нашарлайтыны белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- 7 тамыз, 2025
- 386
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
2025 жылғы 07 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Ақтөбе қалаларында, түнде Атырау қаласында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Келесі мақала




