жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тағы бір жол 2025 жылғы 17 тамыздан бастап ақылы болады

Тағы бір жол 2025 жылғы 17 тамыздан бастап ақылы болады
Коллаж Ulysmedia
Ақтау – Бейнеу жолының бір бөлігі ақылы болады

  2025 жылғы 29 шілдеде ҚР Транспорт министрінің міндетін атқарушы бұйрыққа қол қойып, республикалық маңызы бар Ақтау – Бейнеу автожолының кейбір учаскелерін ақылы негізде пайдалануға рұқсат берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Осылайша, II санаттағы республикалық маңызы бар Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау автожолының Ақтау – Жетібай – Шетпе – Бейнеу аралығы ақылы жүйеге енгізілді.

Жүргізушілер үшін баламалы бағыттар да қарастырылған: Ақтау – Құрық, Құрық – Жетібай республикалық жолдары, сондай-ақ Жетібай – Жаңаөзен, Жетібай – Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы, Жаңаөзен – Қызылсай (аудандық маңызы бар), Сай-Өтес – Қарақұдық – Қызылсай (облыстық маңызы бар) жолдары арқылы қозғалыс жасауға болады.

Ақылы жол учаскесінің басталуы – 786 км, аяқталуы – 513+850 км. Жалпы ұзындығы – 272,15 шақырым. Жолда екі бағытта бір және екі жолақ қарастырылған. Бұл учаскені ақылы түрде пайдалану мерзімі – 20 жыл.

Сонымен қатар, жолды пайдалануға арналған төлем мөлшерлемелері де бекітілді:

Толық учаске үшін төлем мөлшері (2025 жылға):

Жеңіл көлік – алдын ала төлем: 127 тг (0,0325 МРП), кейін төлеу: 149 тг (0,0379 МРП);

16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 1698 тг (0,4319 МРП), кейін төлем – 2000 тг (0,5082 МРП);

32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 3428 тг (0,8719 МРП), кейін төлем – 4035 тг (1,0261 МРП);

32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі автопоездар – 5120 тг (1,3022 МРП), кейін төлем – 6026 тг (1,5327 МРП);

10–15 тонна аралығындағы жүк көліктері – 6856 тг (1,7438 МРП), кейін төлем – 8063 тг (2,0507 МРП);

15 тоннадан асатын жүк көліктері (тіркемелері бар тартқыштар қоса алғанда) – алдын ала: 8555 тг (2,1757 МРП), кейін төлем: 10061 тг (2,5589 МРП).

Жеңіл көліктер үшін ай сайынғы абоненттік төлем қарастырылмаған, ал автобустар мен жүк көліктері үшін ол 1-ден 5 МРП аралығында белгіленген.

Жылдық абоненттік төлем:

Жеңіл көліктер – 1 МРП (3932 тг),

Автобустар мен жүк көліктері – 12–60 МРП аралығында.

Бұл бұйрық 2025 жылғы 17 тамыздан бастап заңды күшіне енеді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар