сейсенбі, 26 қараша, 2024 23:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 13 қараша күні сізді не күтіп тұр

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 13 қараша күні сізді не күтіп тұр
ашық дереккөзі
Бүгінгі жұлдыз жорамал: 13 қараша күні сізді не күтіп тұр
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Бүгін сізде күш-қуат мол болады, соның арқасында сіз кез келген істі оңай атқарасыз, мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз! Барлығы оңай шешіледі. Жасайтын іс көп, сондықтан олар бойынша шешім шығаруды кейінге қалдырмаңыз. Кешке қарай келісімге келу қиынырақ болады. Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Тіпті ең қиын, жағымсыз істерді кейінге қалдырмаңыз. Ішкі түйсігіңіз оларды тез шешу жолын көрсетіп береді. Ақшаға абай болыңыз, себебі сіз сәтсіз саудаға тап болуыңыз мүмкін. Күннің екінші жартысында жақын адамдармен түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Жағдайды ушықтырмаңыз, жұмсақ болыңыз. Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Дене бітіміңіздің кемшіліктерін киіммен жасыруға тырыспаңыз, керісінше артықшылықтарыңызды ерекшелеуге тырысыңыз. Бұл сіздің өзіңізді бағалауға және айналаңыздағы адамдардың сізді қабылдауына оң әсер етеді. Қарым-қатынас нығаяды, жанжалдар ұмытылады, серіктеспен көбірек уақыт өткізуге деген ұмтылыс пайда болады. Жалғызбасты адамдар жаңа адамдармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады: барынша ашық болуға тырысыңыз. Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Өзіңізге берілген мүмкіндіктерді пайдаланыңыз. Әрекет етіңіз. Елмен араласып, жаңа таныстар табыңыз, бастаған жұмысыңыз бен тапсырмаларыңызды аяқтаңыз. Жүйкеңізді тыныштандыру үшін ұйықтар алдында жылы ванна қабылдаңыз. Басыңызға массаж жасаңыз. Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін жақын досыңызбен сөйлесуге кемінде 15 минут уақыт бөліңіз, сіздің қолдауыңыз дәл қазір өте қажет. Сіз бәрін жүрегіңізбен қабылдайсыз. Кез келген ескерту, жай ғана әзіл, айналада болып жатқанның бәрі көңіліңізге қаяу түсіреді. Ашық жанжалдардан аулақ болыңыз, қарым-қатынасты сақтау үшін ымыраға келіңіз. Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Мамандығыңыз бойынша орташа жалақы туралы сұрастырыңыз: бәлкім, басшылықтан өз жалақыңызды көтеруді сұрауға болатын шығар. Үйдегі спа-процедуралар үшін бір сағат уақыт бөліңіз: қарапайым хош иісті ванна қабылдағаныңыздың өзі сіздің көңіл-күйіңізді көтереді. Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Егер сіз әлі де маникюр жасауды білмесеңіз, үйреніп алғаныңыз абзал: қолдарыңыз әрқашан жақсы күтімде болады және көп ақша жұмсаудың қажеті болмайды. Ұйықтар алдында жарты сағат бұрын кез келген гаджеттен аулақ болуға тырысыңыз. Бұл сізге әлдеқайда жылдам ұйықтауға мүмкіндік береді. Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Жұмысқа бар күшіңізді салсаңыз, алдағы айларда мансап бойынша жоғарылау мүмкіндігі туады. Косметика дүкеніндегі кеңесшіден көмек сұраудан тартынбаңыз: сіз үшін ең жақсы өнімді табу - оның жұмысы. Ал сіз сұлулығыңызды арттыратын өнімге тек риза боласыз. Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Шынайы болудан қорықпаңыз, адамдар тыңдауға және қолдауға дайын. Кездеуге барыңыз немесе ескі достарыңызды шақырыңыз. Ескі фотоларды парақтап, жалпы өткенді еске түсіріңіз. Қаржылық мәслелерге баса мән беріңіз, өзіңіз үшін тиімді сауда жасау мүмкіндігі туындайды. Бұл күнгі барлық сапар сәтті өтеді. Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Ұйықтау қиын болса, жатар алдында сүйікті кітабыңызды оқып көріңіз. Сюжеті сізді баурап алмауы үшін бұрын оқыған нәрсені таңдаңыз. Бұл сіздің жүйке-жүйеңізге босаңсуға мүмкіндік береді. Егер сіз компьютерде жұмыс істесеңіз және сізге назарыңызды бір нәрсеге шоғырландыру қиын болса - фондық режимде YouTube сайтынан кез келген lo-fi музыка қосып қойыңыз, бұл өнімділікті арттырады. Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Жақсы адамдардың ортасында уақыт өткізіңіз. Өз қызметіңіздің аясын кеңейтуден қорықпаңыз, бұл жалақыңызды айтарлықтай өсіруге септік болады. Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Д осыңызға бергіңіз келетін кез келген тікелей кеңесті алдымен өзіңіз орындап көріңіз. Егер сіз мұндай кеңесті орындамақ түгілі, өзгеден естуді қаламайтын болсаңыз, бұл кеңесті досыңызға да айтпағаныңыз абзал. Сіз оған бұл кеңесіңізбен көмектеспейсіз, тек зиян келтіресіз. Сүйіспеншілік қарым-қатынасында гармония орнайды, сүйіктіңіздің махаббатын бағалап, алғыс айтыңыз.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар