Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
13 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды Жамбылинфо «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша жауын-шашын, елдің оңтүстік шығысы мен шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.
Антициклон сілемі бар Қазақстанның батыс өңірлерінде ғана негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Дереккөз: Қазақпарат агенттігінен
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз