Бұл қала өте ластанған және жалпы аса жайлы емес: Норвегиялық шахматшы Алматы туралы
- авторjambylinfo.kz
- 24 ақпан, 2025
- 227

Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен Джо Роганның подкастында Алматыда өткен жылдам шахматтан әлем чемпионаты кезіндегі әсерімен бөлісті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Шахматтан әлем чемпионаттары кейде ерекше жерлерде өтеді. Бұл жолы Алматыда болды. Қала, кем дегенде қыста, өте ластанған және жалпы аса жайлы емес», – деді Карлсен.
Ол қыста қаланың ауасы қатты ластанатынын атап өтіп, бұл жағдай Алматыны туристер үшін онша тартымды етпейтінін айтты.
Ауаның нашар сапасына байланысты гроссмейстер Алматы маңындағы таулы курорттарға барып, таза ауада демалып, жарысқа дайындалғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, Карлсен Алматыдан бір сағаттық жерде орналасқан көрікті тауларды Альпімен салыстырып, олардың шаңғы тебуге өте қолайлы екенін атап өтті.
Алматыға сапары барысында ол Шымбұлақ тау-шаңғы курорты мен Медеу мұз айдынында болып, жергілікті шахмат жанкүйерлерімен кездесіп, өз шеберлігімен бөлісті. Қазақстандықтардың қонақжайлығына ризашылығын білдіріп, ел табиғатының ерекше әсер қалдырғанын жеткізді.
Еске сала кетейік, жылдам шахматтан әлем чемпионаты Алматыда 2022 жылғы 25-30 желтоқсан аралығында өтті. Бұл жарыста Карлсен жеңіске жетіп, осы форматтағы төртінші әлем чемпионы атағын иеленді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз