дүйсенбі, 17 наурыз, 2025 1:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ата жолы» картасының мүмкіндіктері қандай

«Ата жолы» картасының  мүмкіндіктері қандай
Фото: ortcom.kz
«Ата жолы» картасының иесі Қазақстан азаматтығын алған жағдайда жарамсыз болып табылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың шілде айынан бастап шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасы енгізіліп, елге оңайлатылған кіру/шығу мәселесі пысықталуда, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 


Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл тұруға және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді.
Біздің республикада өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 картаны алса, ізденуші мамандар 38 картаның иегері атанды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

«Ата жолы» картасын алғандардың арасында Ресейден, Германиядан, Моңғолиядан, Қытайдан, АҚШ-тан, Израильден, Франциядан, Ұлыбританиядан, Нидерландыдан, Финляндиядан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан келген инженер-физик, инженер-математик, химик-технолог, жақ-бет хирургы, педиатр, т.б.
«Ата жолы» картасын енгізудегі мақсат – тарихи Отанмен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда өз әлеуетін іске асыру үшін кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді елге тарту. Карточка азаматтығын жоғалтпай шетелде тұратын этникалық қазақтарға беріледі.

«Ата жолы» картасының иелері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға ықтиярхат алады және жұмыс істеу немесе бизнес жүргізу үшін елді мекен аймағын өз бетінше таңдайды.

«Ата жолы» картасы бар этникалық қазақ өзге елдің азаматы бола тұра Қазақстан және Қандас азаматтарымен тең құқыққа ие.

«Ата жолы» картасының иелері (және олардың отбасы мүшелері) келесі құқықтарды пайдалана алады:

- медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық мекемелерде әлеуметтік төлемдер мен қызметтер алу;

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан аумағында жұмысқа орналасу;

- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және басқа да құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңына сәйкес мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында тегiн орта бiлiм алу, конкурстық негiзде, мемлекеттiк орта арнаулы немесе жоғары оқу орындарында тегiн орта арнаулы және жоғары бiлiм алу, жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу;

- «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу;

- халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының азаматтық саласындағы заңнамалық актілеріне сәйкес оңайлатылған тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу.
«Ата жолы» карточкасы бар адамдардың Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттарына сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға және мемлекеттік қызметке кіруге құқығы жоқ.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар