
Рамазан айында ораза ұстау үшін ниет ету міндетті шарттардың бірі. Егер адам түнде немесе таң атқанға дейін ниет етпей, бесінге бір сағат қалғанда ғана ойласа, оның оразасы жарамсыз саналады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ислам ғұламаларының еңбектерінде бұл туралы нақты айтылған. Мысалы, Шейх Шәмсу әл-Әиммә әл-Хәлуани имам Абу Жағфардан осы мәселені риуаят еткен. Сондай-ақ, «Әл-Һидая» кітабында: «Рамазан айының әр күнінде оразаға ниет етпесе, оның оразасы дұрыс болмайды» деп жазылған.
Егер осындай жағдайда адам әдейі тамақ жесе немесе төсек қатынасына түссе, оған кәффарат қажет емес. Себебі оразаның дұрыс болуы үшін ең алдымен ниет болуы шарт. Ниетсіз құлшылық жарамсыз саналады. Сондықтан ол күні ішіп-жеуден бас тартқан күннің өзінде, ораза ұстаған болып есептелмейді. Мұндай жағдайда адам тек сол күннің қазасын өтейді, бірақ кәффарат міндеттелмейді. Өйткені кәффарат тек әдейі бұзылған оразаға қатысты болады.
Сондықтан, егер біреу себепсіз бір-екі күн оразаны кешіктірсе немесе ниет етпей өткізіп алса, ол шынайы түрде тәубе етіп, Алладан кешірім сұрауы керек. Сол күндердің қазасын өтесе жеткілікті, ал кәффарат қажет емес.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз